Құрылым
Ақтөбе "мамандандырылған бекеті "кеден бекеті"
- Мәліметтермен үздіксіз алмасуды қамтамасыз ету және тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағынан нақты әкетілуінің заңдылығын растау.
- Уақытша әкелу рәсімі аяқталған немесе оның қолданылу мерзімі ұзартылған шетелдік көлік құралдары туралы мәліметтермен уақтылы алмасу.
- Тауарлардың нақты әкетілуін растауға және уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жасалуына қатысты ресми сұрау салуларды жедел орындау, өңдеу және жолдау.
"Әуежай-Ақтөбе " кеден бекеті
Кеден бекеті стратегиялық өткізу пункті болып табылады, көпжақты әуе жүк-жолаушы қатынасы мәртебесіне ие, "шекара маңы"кеден органдарының санатына жатады.
"Әуежай-Ақтөбе" кеден бекетінің негізгі қызметі - әуежайға келіп түсетін жүктердің, келетін және ұшатын авиажолаушылардың, олардың қол жүгі мен багажының кедендік бақылауын және кедендік ресімдеуін жүргізу, "тауарларды кедендік тазарту", Астана-1 АЖ арқылы "транзиттік декларацияларды" ресімдеу,транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау, көлік құралына кедендік декларацияны (КҚКД) ресімдеу мемлекеттік қызметтерін көрсету.
"Хромтау" кеден бекеті
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазарту бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету. Кедендік декларацияларды ресімдеу және транзитті жабу .
"Ақтөбе-кедендік ресімдеу орталығы " кеден бекеті
"Тауарларды кедендік тазарту және шығару" мемлекеттік қызметін жүзеге асыру. Мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарларды бақылау және ресімдеу.
Басқарма басшысы:
Дарбаев Уразғали БулатұлыТелефон:
8-7132-97-22-93Электрондық пошта:
u.darbaev@kgd.gov.kzЕмбі " кеден бекеті"
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазарту бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету. Кедендік декларацияларды ресімдеу және УСҚ тауарларды орналастыра отырып транзитті жабу.
Телефон:
8-71333-76-53-91Электрондық пошта:
a.abubakirov@kgd.gov.kz