
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
- 03 қазан күні Кеген аудан көлемінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенбілік өтті.
- ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге арналған тағылымы мол, мерекелік кеш өтті. Ізгілік пен мейірімге, үлкенге құрмет пен кішіге ізетке үндейтін тағылымды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында елдің бірлігі мен берекесін арттыруға, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға буынның орны ерекше екені атап өтілді. Шара барысында ақсаладарымыз батасын берді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады
- 2026 жылғы 15 қыркүйекте Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Нуркалиевтің қатысуымен Кеген ауылдық округіне қарасты Кеген, Түменбай және Темірлік елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Кеген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрқалиев Еркебұлан Тұрлыбақыұлы Кеген, Түменбай, Темірлік ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
- «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ Кеген ауылдық округі әкімінің мемлекеттік мекемесі қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында М.Балапанов көшесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌱 Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жердің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың жауапкершілігі. Таза ауыл – таза орта – жарқын болашақ!
Маңызды
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз







