Құрылым

Педагогтердің кәсіби даму басқармасы

Басқарма міндеті -  орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, орта білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау, орта білім бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету және сапаны арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіру,  педагог мәртебесін арттыруға, білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуетін жақсартуға бағытталған саясатты іске асыру,  кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде педагогтерге жағдай жасау, педагогтердің кәсіби дамуы мен зерттеу әлеуетін арттыру, үздік педагогикалық практикаларды тарату және жинақтау, педагогтің мансаптық өсуі.

       

Толығырақ

Телефон:

+7(7172)74-22-93

Электрондық пошта:

A.Dusembaeva@edu.gov.kz

«Келешек мектептері» қызметін және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын мониторингілеу басқармасы

Басқарма міндеті - орта білім беру саласында мемлекеттік саясат пен стратегиялық бағыттарды қалыптастыру және іске асыру, білім беру сапасын арттыру (оның ішінде «Келешек мектептері», жекеменшік және халықаралық мектептерде), бюджеттік жоспарлауды, цифрландыруды және жасанды интеллектті енгізуді, мемлекеттік сатып алуларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, мемлекеттік қызметтер көрсетуді, ақпараттық саясатты үйлестіру, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау жөніндегі ұлттық және халықаралық зерттеулерге (PISA, PIRLS, TALIS, ICILS, МОДО) қатысу.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Түймебаев Асыл Уалиұлы

Телефон:

+7(7172)75-16-46

Электрондық пошта:

a.tuimebayev@edu.gov.kz

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер мен бастауыш білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасы

Басқарма міндеті - орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, орта білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру,  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сапасын арттыру, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және бастауыш білім беру пәндері шеңберінде білім алушының жеке басының зияткерлік, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Толығырақ

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мазмұны мен әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасы

Басқарма міндеті - орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, орта білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру,  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сапасын арттыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер шеңберінде оқытушы тұлғасының зияткерлік, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке тұлға ретінде дамыту үшін жағдай жасау жолымен зияткерлік байыту, жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагог мәртебесін арттыруға, білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуетін жақсартуға бағытталған саясатты іске асыру, педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде оларға жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби дамуы мен зерттеу әлеуетін арттыру, үздік педагогикалық практикаларды тарату және қорыту, педагогтің мансаптық өсуін қамтамасыз ету. 

Толығырақ