Тұрғын үй қатынастары басқармасы

Тұрғын үй қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1) халыққа тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асыру;

2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша азаматтар санына мониторингті жүзеге асыру;

3) кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша азаматтар санына мониторингті жүзеге асыру;

4) «тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67-бабының 2-тармағына сәйкес есепке қойылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға Кезекте тұрғандардың мониторингін жүзеге асыру (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т. б.);

5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санына мониторингті жүзеге асыру;

6) барлық бағыттар бойынша тұрғын үй алған кезекте тұрғандар санына мониторингті жүзеге асыру;

7) коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендірілген және меншікке тұрғын үйлердің санына мониторингті жүзеге асыру;

8) коммуналдық тұрғын үй қорынан пайдаланудағы (жалдаудағы) тұрғын үйлер санына мониторингті жүзеге асыру;

9) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды мониторингті жүзеге асыру;

11) тұрғын үй сертификаттарын беруді мониторингті жүзеге асыру;

12) Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;

13) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.