Жиынтық қаржыландыру жоспары басқармасы
Республикалық бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және бекiту, сонымен қатар, оларға республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (әрі қарай - РББӘ) ұсынған өтінімдер негізінде өзгерістер енгізу:
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын Қазынашылықтың интеграцияланған ақпартаттық жүйесіне (бұдан әрі - ҚИАЖ) өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, енгізу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелердің анықтамаларын ҚИАЖ-не өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүргізілген шығыстарды есепке алу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржыландырылған шығыстар туралы апта сайынғы, айлық, тоқсандық, жылдық ақпаратты ұсыну;
РББӘ ұсынған Республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атқарылуы туралы игерілмеу себептері көрсетілген ай сайынғы жиынтық ақпаратты «е-Қаржымині» ИААЖ-де дайындау;
РББӘ ұсынған Республикалық бюджеттік инвестициялардың, инвестициялық жобалар бөлігінде атқарылуы туралы ай сайынғы жиынтық ақпаратты «е-Қаржымині» ИААЖ-де дайындау;
РББӘ ұсынған мәліметтер негізінде Республикалық ағымдық бюджеттік бағдарламалардың және даму бағдарламаларының алдағы айдағы күтілетін атқарылуы туралы жиынтық ақпаратты дайындау;
РББӘ ұсынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі анықтамаларды келісу;