Құрылым
«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ
Компания 2007 жылы құрылған. Оның негізгі қызмет бағыттары: ғарыш саласын дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуы үшін ғарыш технологияларын пайдалану
«Ғалам» ЖШС
Компания 2010 жылы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы және "AstriumSAS" (қазір "AIRBUS Defence and Space") бірлескен кәсіпорны ретінде құрылды. Оның басты міндеті - ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚұСК) пайдалану. Бұл бірегей кешен Орталық Азияда алғаш рет ғарыш аппараттарын шығаратын кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, "Ғалам" ЖШС жабдықтары мен учаскелері ғарыш аппараттарын құруға мемлекеттік және коммерциялық тапсырыстар алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ
Центр, созданный в 2004 году, является национальным оператором спутниковой связи Казахстана и занимается технической эксплуатацией национальной космической системы связи «KazSat».
Система включает в себя непосредственно космические спутники связи «KazSat 2» и «KazSat 3», а также первый казахстанский наземный комплекс управления космическими аппаратами и систему мониторинга связи - центр космической связи «Акколь» в Акмолинской области, а также резервный комплекс управления космическими аппаратами связи и вещания - центр космической связи «Коктерек» в Алматинской области.
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ
Кәсіпорын 2008 жылы құрылды. Оның басты міндеттері - ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның құрылымына 3 институт кіреді, олардың әрқайсысы өзінің мамандануына ие.
«Бәйтерек «Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ
Компания, образованная в 2005 году - является главным оператором строительства ракетного комплекса нового поколения «Байтерек», на базе космодрома «Байконур». Этот важнейший для страны проект предоставит Казахстану независимый доступ в космос, а также позволит и дальше формировать национальную космическую отрасль Республики.
«Инфракос» ШЖҚ РМК
1996 жылдан бастап жұмыс істейтін Компания жалға алынбаған немесе Ресей жалға алған құрамнан шығарылған "Байқоңыр" кешені объектілерінің сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қадағалайды. Кәсіпорын "Байқоңыр" кешені объектілерінің босаған техникалық құралдарын кәдеге жаратумен және қайта өңдеумен айналысады.
"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС
Институт 2009 жылы құрылды, ғарыш қызметі саласында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысты, авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың Мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ААШШ) әзірлеушісі, сонымен қатар, қазіргі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында өтетін халықаралық көлік дәліздерін басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеушісі болды.