«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (D-3 санаты, 1 бірлік, №09-10).
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасайды. «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасына сәйкес сайлаушылар тізімдеріне түзетулер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен бақылауға, сайлау округтері мен сайлау учаскелерінің шекарасын белгілеу мен есептеуге, барлық деңгейдегі сайлауларды өткізу мен ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық ресурстардың қажеттілігін жасақтауға қатысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асырады. Қалалар мен аудандар әкімдерінің қызметі туралы талдамалық анықтамаларды дайындайды. Облыстың қала және аудан әкімдері аппараттарының жұмысына талдау жасау, олардың іс-әрекетін жетілдіру мен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен (инспекциялау) айналысады. Тексеріс нәтижелерін жалпылау, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлейді. Қала және аудан әкімдері аппараттарындағы, облыстық басқармалардағы атқарушылық тәртіп жағдайын жалпылау және талдау жасайды. Өңірді дамытуға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіруге қатысты нормативтік құқытық актілерді әзірлеуге қатысады. (блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
smailova_ms@krg.gov.kz
- Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13
-
8(7212) 501531 (6811)