«Қарағанды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары (№ 1-2, 1 бірлік, негізгі қызметкердің 2026 жылғы 13 шілдеге дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Тиісті аумақтағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, кондоминиум объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етеді, сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша әдіснамалық жұмысты ұйымдастырады, сумен жабдықтау және су бұру, кондоминиум объектілеріне жөндеу жүргізу, абаттандыру саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қарайды, іріктейді, «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сандық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды. Келесі міндеттерді үйлестіреді: облыстың газбен жабдықтау, энергетика, сумен жабдықтау, кәріз және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзету және іске асыру; облыстың елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық шаруашылықты материалдық-техникалық жарақтандыру, кондоминиум объектілерін, авариялық тұрғын үйлерді күрделі жөндеу немесе авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; коммуналдық қызметтер көрсету (сумен жабдықтау, су бұру) саласындағы меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу; басқарманың жетекшілік ететін қызмет бағытының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының бөлімдеріне ұсыныстар дайындау; энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық технологияларды дамыту; энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық технологияларды дамыту; тұрғын үй қоры, сумен жабдықтау және су бұру желілері саласындағы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну; облысты сумен жабдықтаумен, су бұрумен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында қатысушылармен (жеткізушілермен және тұтынушылармен) өзара іс-қимыл жасау; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау, су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобаларын дайындау, бекітуге енгізу; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу; реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу; тиісті уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген бір текше метр ауыз су үшін төлемақы мөлшерін әзірлеу және бекітуге ұсыну; коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін бекіту туралы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат ұсыну; ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру; коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және пайдалану бойынша жұмыстар; елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу; облыстың тұрғын үй қорын ұстау, сақтау, жөндеу және оңтайландыру жөніндегі жұмыстар; жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда қалалар мен кенттердің аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар; жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну жөніндегі жұмыстар; тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шаралар; коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу ережелерін бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобаларын дайындау, бекітуге енгізу; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану туралы ақпаратқа талдау жүргізу; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару саласындағы ақпарат жиынтығы; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі қызмет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген және лауазымдық нұсқаулыққа қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  (блок А).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.04.2024 – 29.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мбт

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501525 (6852)