Криминалдық полиция

Криминалдық полиция қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Функциялары:

  • қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша операцияларды, сондай-ақ өзге құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың оларды жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдемдесуді ұйымдастыру және өткізу;
  • қылмыс жасаған, тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан, әскери қызметтен жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың жүргізілуін, оның ішінде оларды жүргізу құқығына ие ішкі істер органдарының бөліністері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру;
  • бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
  • ішкі істер органдары жүргізетін өңіраралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстардың ашылуын ұйымдастыру;
  • қылмыстарды ашу, қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану;
  • арнайы есептерді қалыптастыру және жүргізу;
  • ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын жедел бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • криминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметі саласындағы құқықтық нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу;
  • құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу;
  • қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламаны орындау;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын қорғауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу;
  • жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесуге қатысу.
Жарияланған күні

16 қараша 2021

Жаңарту күні

24 мамыр 2022

Жарияланымның авторы