Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі бойынша қажетті құжаттар тізбесі.

  • Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бруцеллезін қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ әкімі);
  • Сараптама актісі (сынама хаттамасы);
  • Залалсыздандыру (зарарсыздандыру) нұсқамасы;
  • Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акті;
  • Шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акті;
  • Ветеринариялық паспорт;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме.

Құнды өтеу 2014 жылғы 30 қазандағы№ 7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» қағидасының 5-тарауы 14 тармағымен реттеледі.

Жарияланған күні

02 ақпан 2022

Жаңарту күні

24 мамыр 2022

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты