Қарағанды турбомеханикалық зауыты

Қарағанды турбомеханикалық зауыты

Сипаттама
Қарағанды турбомеханикалық зауыты – Қазақстан мен ТМД елдерінің энергетикалық кешеніне арналған жабдықтар өндіруге және қызметтер көрсетуге маманданған энергетикалық машина жасау кәсіпорны.

Өндіріс және қызмет
Негізгі қызмет бағыттарына мыналар жатады:

  • энергетикалық машина жасау өнімдерін шығару;

  • автоматтандыру құралдарын әзірлеу және енгізу;

  • технологиялық жабдықтар жасау;

  • турбиналарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу.

Кәсіпорын турбоқондырғыларды «кілт қолда» техникалық қайта жарақтандыру жобаларын іске асырып, жабдықтың пайдалану ресурсын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Зауыт 500 МВт-қа дейінгі қуаттылықтағы 250-ден астам турбинаға күрделі жөндеу жүргізді, сонымен қатар 170-тен астам реттеу жүйелерін енгізді.

Өндірістік қуаттар жоғары дәлдікте өңдеу, сынақ және түйіндерді реттеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін заманауи металл өңдеу жабдықтарымен жарақталған.

Өндірістік қуат
500 МВт-қа дейінгі қуаттылықтағы турбиналарды 250-ге дейін күрделі жөндеу.

 

Жұмысшылар саны
187 адам.

Байланыс
Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, 108-ші есептік тоқсан, 31Г құрылысы.
Телефондар: 8 (7212) 410 854, 8 (7212) 413 096.

Компанияның ресми сайты
https://ktmz-krg.kz

Артқа қайту
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/activities/39718?parentId=39682&lang=ru

Жарияланған күні

17 наурыз 2026

Жаңарту күні

20 наурыз 2026