Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланған күні: 26 желтоқсан 2025
Жаңарту күні: 26 желтоқсан 2025
Көру саны:28
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар бекітілсін»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар» осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2025 жылғы 24 желтоқсан
№ 37/49
Жарияланған күні
26 желтоқсан 2025
Жаңарту күні
26 желтоқсан 2025
Түрі
Қызмет бағыты