Қарағанды облысы мәслихатының депутаты С.Ш.Шәймағанбетті тіркеу туралы
Қарағанды облысы мәслихатының депутаты С.Ш.Шәймағанбетті тіркеу туралы
«Қарағанды облысы мәслихатының
депутаты С.Ш.Шәймағанбетті тіркеу туралы»
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
05.12.2025 жылғы № 4 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45, 46-баптарына, 111-1-бабының 6-тармағына, 112-бабына және «Aуыл партиясы» Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңес Президиумының 2025 жылғы 4 желтоқсаның № 16 хаттамасына сәйкес Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарағанды облыстық мәслихаты депутатының бос мандаты «Ауыл партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шәймағанбет Сұлтан Шоқанұлына берілсін.
- Сұлтан Шоқанұлы Шәймағанбет «Aуыл партиясы» Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізім бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
- Тіркелген депутатқа депутат куәлігі мен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
- Депутаттың тіркелгені туралы хабарлама сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Комиссия төрағасы Қ. Нүркенов
Комиссия хатшысы А. Акпанова
76
Жарияланған күні
09 желтоқсан 2025 10:24
Жаңарту күні
09 желтоқсан 2025
Түрі
Бағыттар