Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту туралы

ҚАРАҒАНДЫ

ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМІ

АКИМ

КАРАГАНДИНСКОЙ

ОБЛАСТИ

ӨКІМ

­­­­­2026 жылғы 11 қараша

Қарағанды қаласы

РАСПОРЯЖЕНИЕ

№ 97 ө

город Караганда

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысындамерзімді тексеру жүргізудің

2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес

1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес қоса берілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін

2. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жоспарды Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етіп, осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

Е. Бөлекпаев

Орынд. А. Шалабаева

Тел.: 510188