
Өнеркәсіп

Жалпы өңірлік өнім құрылымында басым үлесті өнеркәсіп алады – 46,8%.
Оның ішінде, облыстың ЖӨӨ жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 34,5%, тау – кен өндіру өнеркәсібі – 9,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 2,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау үлесі 0,7% - ды құрайды.
Облыстың индустриялық базасын 100-ден астам кәсіпорындар мен тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау өндірістері қалыптастырады.
Импортты алмастыру саясаты, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру сияқты Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыру өндіріс көлемінің тұрақты өсуін және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 06 маусым 2022Пайдалы ақпаратИнвестициялық жобалар
- 27 мамыр 2022Пайдалы ақпаратҚарағанды облысының геоақпараттық порталы
- 25 мамыр 2022Пайдалы ақпаратӨнеркәсіп салаларын дамыту
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіҰлттық стандарттау жөніндегі орган қашықтықтан оқыту форматындағы 3 күндік семинарға шақырады14 — 16 қазан 2020Семинар
Іске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, электрондық түрде «Е-лицензирование» МДБ арқылы көрсетіледі).
Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 34 тарау, «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру» функциясы (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі).
Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 204, 205 баптары, «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығы.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу - электрондық түрде «Е-лицензирование» МДБ арқылы көрсетіледі.
Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 552 «Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».


