Өнеркәсіп

Өнеркәсіп

Жалпы өңірлік өнім құрылымында басым үлесті өнеркәсіп алады – 46,8%.

Оның ішінде, облыстың ЖӨӨ жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 34,5%, тау – кен өндіру өнеркәсібі – 9,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 2,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау үлесі 0,7% - ды құрайды.

Облыстың индустриялық базасын 100-ден астам кәсіпорындар мен тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау өндірістері қалыптастырады.

Импортты алмастыру саясаты, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру сияқты Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыру өндіріс көлемінің тұрақты өсуін және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, электрондық түрде «Е-лицензирование» МДБ арқылы көрсетіледі).

Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 34 тарау, «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы.

«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру» функциясы (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі).

Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 204, 205 баптары, «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығы.