Жер қатынастары

Қарағанды облысының аумағы 23 млн. 904 мың га. құрайды және оған жеті аудан (Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет) және облыстық маңызы бар алты қала (Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Саран, Приозерск) кіреді.
Облыстың жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес жеті санатқа бөлінеді:
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 11 млн 834,6 мың га.
- Елді мекендердің жерлері. Бұл санатқа қалалық, кенттік сондай-ақ ауылдық елді мекендер шегіне енгізілген жерлер жатады - 3 млн 264,4 мың га.
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 141,3 мың га.
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 402,9 мың га.
- Орман қорының жері – 113,2 мың га.
- Су қорының жері – 40,3 мың га.
- Босалқы жерлер – 6 млн 216,4 мың га.
Босалқы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша.
2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тартудың жылдық жоспары 409,5 мың га болса, іс жүзінде 527,6 мың га, оның ішінде 8,5 мың га егістік, 509,7 мың га жайылым және 2,9 мың га шабындық тартылды. Жылдық айналымға тарту жоспары 128% пайызға орындалды.
Абай (131 %), Ақтоғай (202 %), Нұра (122%), Шет (154%) аудандарының әкімдіктері ауыл шаруашылығы айналымына тартумен белсенді айналысты.
2024 жылға айналымға тарту жоспары 352,6 мың га.
Аукционға қатысты
2023 жылдың басынан бері облыста шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 127 аукцион өткізілді. Осы аукциондарда жалпы ауданы 90,3 га 198 коммерциялық жер учаскесі сатылды, бюджетке 385 млн 796 мың түсті.
2024 жылы ауданы 69,9 гектар жер учаскелеріне 78 ке жуық аукцион өткізу жоспарлануда.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 27 мамыр 2022Пайдалы ақпаратЖер учаскелерінің және өндірістік кеңістіктерінің картасы
- 27 мамыр 2022Пайдалы ақпаратҚарағанды облысының геоақпараттық порталы
- 15 ақпан 2022Пайдалы ақпаратБос жер учаскелері туралы ақпарат


