Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКоммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған жеке тұрғын үйден үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74 бабының 1 және 3 тармақтарына мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалдарында жүзеге асырылады. «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 17 бабына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2009ж. № 237-б бұйрығымен бекітілген Ереженің (01.01.2020 ж. өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) (бұдан әрі - Ереже) 2-тарауының 4-тармағы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде есепті кезеңде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері, оның ішінде еңбекақы түрінде алынатын табыстар ескеріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын анықтау кезінде өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық отбасылық табыс есепке алынады. Толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, ал ол болмаған жағдайда белгіленген үлгідегі өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді (ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығымен бекітілген).