Жалпы ақпарат
Әкімдіктің басқармалары
«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Негізгі міндеттері:
1) облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау;
2) дене шынықтыру мен спорттың, инфрақұрылымдарды дамытудың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту;
3) тұрғындардың барлық санаттарын дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу.
