Құрылым
Мүгедектермен және ардагерлермен жұмысты ұйымдастыру бөлімі
Әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж мүгедектердің, ардагерлердің өмір сүру сапасын қолдау және жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу үшін материалдар дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. "Е – собес"ААЖ мүгедектерді есепке алу және оңалту іс-шаралары бойынша деректер базасын қалыптастыруды бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық бағдарламаларға ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеуді, енгізуді қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Бименова Ляззат БатталовнаТелефон:
8(7212) 25-21-94Электрондық пошта:
l.bimenova@karaganda-region.gov.kzӘлеуметтік көмек және әлеуметтік нормативтер бөлімі
Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін, балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақыларды, бюджеттен төленетін басқа да төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі қызметін үйлестіру.
Бөлім басшысы:
Бекишева Айгерим ТолеубайевнаТелефон:
8 (7212) 25-23-81Электрондық пошта:
a.bekisheva@karaganda-region.gov.kzҚөші-қон және қайта әлеуметтендіру бөлімі
Халықтың көші-қоны саласындағы ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру: «оралман мәртебесін беру», «шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуына және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу ». Оралман деп тану туралы иммигранттардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау.
Бөлім басшысы:
Сулеева Гульназ МухаметжановнаТелефон:
8(7212) 25-23-09Электрондық пошта:
g.suleeva@karaganda-region.gov.kzӘлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі
Тұрғылықты жеріне байланысты халыққа көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Халықпен және әлеуметтік қауымдастықпен жұмыс бөлімі. Әлеуметтік мекемелердің құрылысына, қызмет аясын кеңейтуге құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Телефон:
8 (7212) 25-29-41Электрондық пошта:
n.ashimhanov@karaganda-region.gov.kzЕңбек нарығының мониторингі және талдау бөлімі
Халықты жұмыспен қамту, Өңірді дамыту бағдарламасы жобаларын әзірлеу, жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ұйымдастыру және жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады, мониторинг пен есептілікті жүргізеді. Халықты жұмыспен қамту, Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аудару және жұмыс орындарын құру бағыттары бойынша Өңірді дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына қатысты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының жұмысын үйлестіреді. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия отырыстарын өткізуге байланысты жұмысты ұйымдастырады. Жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. Облыс кәсіпорындары (ұйымдарынан) босатылатын жұмыскерлер және жаңадан құрылатын жұмыс орындары бойынша ірілендірілген кәсіптер бөлінісінде болжамды картаны әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Бөлім басшысы:
Ермаганбетова Айнагүл АманқызыТелефон:
8 (7212) 25-57-90Электрондық пошта:
a.ermaganbetova@karaganda-region.gov.kzБюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлім
Бюджеттік өтінімді, жоспарлардың жобаларын, міндеттемелерді және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын, оларға түзетулерді, бюджетті нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бюросының бюджеттік бағдарламаларын және оларға өзгертулерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру және бақылау.
Телефон:
8 (7212) 25-54-67Электрондық пошта:
a.aubakirova@karaganda-region.gov.kzБухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Ұйымдастырады және бөлім қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттарын жоспарлау және айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілігін Қаржы басқармасына жасайды, қалыптастырады және ұсынады (ҚР Бюджет кодексінің 5-бөлімінің 23-тарауы, 118-бабы): тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептерді, берешектің пайда болу себептері туралы ақпаратты; қайырымдылық және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түскен және жұмсалған қаражат туралы есептерді; жергілікті бюджет шығыстарының трансферттері мен ҚБШ ескеріле отырып, түсіндірме жазбасы бар шоғырландырылған қаржылық есептілікті.
Бөлім басшысы:
Сыздыхан Айнұр ОрынбайқызыТелефон:
8 (7212) 25-58-49Электрондық пошта:
a.syzdykhan@karaganda-region.gov.kzӘлеуметтік әріптестік және нормативтік қамтамасыз ету бөлімі
Бөлімді басқарады, бөлімнің негізгі міндеттері мен бағыттарын жоспарлау және анықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.
3.2. Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (БК) және оның тұрақты жұмыс тобының отырыстарына материалдар қалыптастыру үшін ақпаратты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қарағанды облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларына НҚА-ға тиісті түзетулер әзірлейді және енгізеді. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға күтім жасау үшін қосымша үстемеақы түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету бойынша НҚА-ға тиісті түзетулер әзірлейді және енгізеді. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша басқарма миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де НҚА әзірлейді. Портал пайдаланушыларының жария талқылауын жүзеге асыру үшін әзірленетін НҚА жобаларының "Электрондық үкімет" порталының "Ашық НҚА" контентіндегі әкімшінің автоматтандырылған жұмыс орны арқылы қажетті жұмысты ұйымдастырады.
Бөлім басшысы:
Ілімбаев Алмас ӘлібекұлыТелефон:
8 (7212) 25-58-47Электрондық пошта:
a.ilimbaev@karaganda-region.gov.kz