Қарағанды облысы Саран қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 15 ШЕШІМІ
Қарағанды облысы Саран қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 15 ШЕШІМІ
Қарағанды облысы Саран қалалық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 маусымдағы № 15
ШЕШІМІ
Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау бойынша Ақтас кентінің шекарасында Ақтас сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округін құру туралы шешім оның шекарасы мен қалалық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Саран қалалық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Саран газеті» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы К. Омаров
Сайлау комиссиясының хатшысы Е. Бородина
25