Денсаулық сақтау

«Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК негізгі корпусы Саранская көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. Ауруханада мол тәжірибелі, білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Аурухана жұмысының негізгі бағыты медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасын жүйелі түрде арттыру болып табылады.
Қазіргі уақытта «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК құрамында 71 төсектік стационар, 33 төсектік күндізгі стационар және ауысымда 388 келушіге арналған емхана, білікті кадрлары бар және персонал жұмысы үшін, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындары мен қонақтарына медициналық көмек көрсету үшін тамаша жағдайлар жасалған.
Қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны – 52059. Аурухананың жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.
Аурухана жұмысындағы басым бағыттар:
- Фертильдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту;
- Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу;
- Қант диабетінің алдын алу;
- Онкологиялық аурулардың алдын алу;
- АИВ-инфекциясының, туберкулездің және жыныс жолдарымен берілетін аурулардың алдын алу;
- Санитарлық ағарту және салауатты өмір салтын насихаттау;
- Ана мен баланың өмірін қорғау;
- Науқастарды медициналық оңалту болып табылады.
Миссиямыз – Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын тұрақты жақсартуға бағытталған тіркелген тұрғындарға қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету. Пайымдауымыз – қолжетімділікті және экономикалық тиімділікті бір мезгілде жоғарылата отырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 01 маусым 2026БағыттарДенсаулық сақтау
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0520 сәуір 2021Денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру
5120 сәуір 2021МӘМС жүйесінде қалай сақтандыруға болады
