«Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметі» КММ

Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 70/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

Мекеме қызметінің мақсаты жұмылдыру іс-шараларын уақытында дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныстың әскери–техникалық мүлкін, материалдық құрал қорларын жинақтау және ұстау, бейбіт кезеңде қажетті нормаларының болуын, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бөлімдерін жинақтау және әскери бірлік іс-шараларын өткізу болып табылады.

Басшы: Шаяхов Саят Нұрғазыұлы

Мекенжай: Қарағанды қ., Гоголь к., 34.

Байланыс телефондары: 8/7212/ 50-34-14, 44-57-53.

«Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметі» КММ Ережесі