Құрылым
Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі
Бухгалтерлік есепті жүргізу және шаруашылық қызметке басшылық жасау. Аппараттың техникалық қызмет көрсету персоналын басқарады, олардың тарапынан еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Бөлім басшысы:
Айтбаева Маржангүл АйтбайқызыТелефон:
8(72146)31-6-19Электрондық пошта:
ma.aitbaeva@karaganda-region.gov.kzӘлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту бөлімі
Бөлім облыс және аудан әкімдерінің әлеуметтік саладағы шешімдері мен өкімдерінің орындалуын, өтініштер мен шағымдардың уақытында қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Аудандағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру. Аудандағы жастар саясаты шараларын үйлестіру. Аймақтың барлық әлеуметтік институттарының жұмысын үйлестіреді. Атап айтқанда, ол аудандық білім бөлімінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық қорғаныс істері бөлімінің жұмысын үйлестіреді. Аудандық қамқоршылар кеңесінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді. Қылмыстық жазаларды және қылмыстық заңнаманың басқа шараларын орындайтын мекемелердің қызметін ілгерілету бойынша консультативтік-кеңес отырыстарының дайындығын, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмектерді ұйымдастыруды және қарауға келіп түскен материалдардың уақытылы қаралуын қадағалайды.
Бөлім басшысы:
Адилханова Айгуль ЗейнегабыловнаТелефон:
8(72146)31-1-01Электрондық пошта:
a.adilhanova@karaganda-region.gov.kzҰйымдастыру бөлімі
Аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарын, жұмыс регламентін әзірлеп, бекітуге ұсынады. Аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің тұрғын халықпен өткізетін есепті кездесулерін өткізуді ұйымдастырады, тисті шараларын жасап, есепті кездесу барысында көтерілген мәселелердің орындалысына мониторинг жүргізеді. Әкімдік отырыстарын, аудан әкімінің аппараттық жиындарын, аудан әкімінің қатысуымен өтетін халықпен кездесулер өткізуге тиісті құжаттарын әзірлеп, ұйымдастырады. Хаттамалар жүргізеді. Республикалық, облыстық өткізілетін селекторлық жиындарға материалдарды жинақтап, әзірлейді, қатысушыларды шақырады. Ұйымдастыру жұмысы жөнінде облыс, аудан әкімдерінің шешім, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзыретінде сайлауға қатысты мәселелермен шұғылданады. Аудан бойынша сайлаушылар базасынының жүргізілуіне басшылық жасайды. Мемлекеттік наградалар жұмысының жүргізілуіне басшылық жасайды.
Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бөлімі
«Азаматтық қорғаныс» және «Төтенше жағдай» жөніндегі облыс әкімшілігінің, облыстық төтенше жағдай басқармасының бұйрықтары мен өкімдерін, аудан әкімінің, төтенше жағдай комиссиясы төрағасының мемлекеттік актілерінің орындалуын қадағалайды. «Төтенше жағдайды ескерту және жоюдың аудандық жүйесі» туралы ережесіне сәйкес жұмыс жасайды және орындалуын бақылайды. Төтенше жағдай туындағанда халық пен аймақты қорғауға, мекемелердің тұрақты түрде жұмыс істеуіне бағытталған бағдарлама мен жоспар жасау және іске асыру.
Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі
Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық оқыту жұмыстарына жауапты. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясы жұмысы орындалуын үйлестіреді. Аудан әкімдігінің және аудан әкімінің құқықтық актілерінің заңдылығын, талапқа сай рәсімделуін қадағалап, мониторинг жүргізеді
Қоғаммен байланыс, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
Бөлім қоғаммен байланысты жақсарту мақсатында кеңейтілген отырыстарда, кеңестерде, ауылдық елді мекендерге іссапарлардағы тапсырмалардың деректерін әлеуметтік желілерде жариялау бойынша жұмыстарды жүргізеді.Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының веб-сайтындағы ақпараттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізеді. "Е-өтініш" және "Бірыңғай құжат айналымы" ақпараттық жүйелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы тіркеуді, белгіленген мерзімде жауаптарды қарауды және ұсынуды бақылайды. Аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлейді. Бөлімдердің, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының іс-қағаздарын дұрыс жасақталуы мен жүргізілуіне методикалық көмек көрсетеді.
Бөлім басшысы:
Абзалов Айдос СъезбекұлыТелефон:
8(72146)31-3-66Электрондық пошта:
aid.abzalov@karaganda-region.gov.kzПерсоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
Мемлекеттік қызметкерлерді тағайындау, мақсатты ауыстыру және жұмыстан босату туралы қорытынды әзірлеп, аппарат басшысына ұсынады, кадрлық жағдайды талдау арқылы мониторингін жүрігізіп, тиісті есебін жасайды. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын айқындау үшін олардың қызметін жыл сайынғы бағалауды жүргізіп, мониторинг жасайды
Бөлім басшысы:
Омирбекова Динара ГабдрахмановнаТелефон:
8(72146)33-0-61Электрондық пошта:
a.sharipova@karaganda-region.gov.kz