Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚоғамдық аккредиттеу – этномәдени бірлестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» № 70-IV Заңының, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы шешімімен бекітілген «Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу ережесінің» талаптарына сәйкес деп тану рәсімі.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа конкурс мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың белгіленген қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік орган конкурс туралы хабарландыруды ресми сайтта орналастырады. Барлық мүдделі қатысушылар қажетті құжаттармен өтінім береді. Процедура бірнеше кезеңдерді қамтиды, соның ішінде өтінімдерді қарау, оларды белгіленген критерийлер бойынша бағалау және жеңімпазды анықтау. Жеңімпазды таңдауда үміткерлердің шығармашылық ұсынысы, сондай-ақ баллдық бағалау жүйесі өте маңызды.
Өңірлік тапсырыс субъектілердің мынадай санаттарына беріледі:
мерзімді баспасөз басылымдарына;
теле-және радиоарналарға;
интернет-басылымдарға.
Өңірлік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы облыстың жергілікті атқарушы органы болып табылады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында ұйымдастырушы мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрады.
Ұйымдастырушы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде тақырыптық бағыттардың бірыңғай тізбесін қалыптастырады. Өңірлік тапсырысты орналастыруды өткізу туралы ақпараттық хабарлама ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында оны өткізу күніне дейін 11 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады. Хабарлама Қағидаларда белгіленген нысан бойынша жасалады және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қамтиды.
Конкурсты өткізу кезеңдері:
Өтініш беру - үміткерлер қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырады.
Ашу хаттамасы - келіп түскен өтінімдерді және ұсынылған құжаттардың тізбесін тіркейтін құжат жасалады.
Алдын ала рұқсат беру хаттамасы – онда құжаттары пысықтауды талап ететін үміткерлер көрсетіледі.
Рұқсат хаттамасы - конкурсқа жіберілген қатысушылардың тізімі бекітіледі.
Алдын ала қортыыдының хаттамасы және қорытынды хаттама - конкурс пен жеңімпаздардың нәтижелерін тіркейді. Өңірлік тапсырысты алмаған қатысушыларға бас тарту себептері көрсетілген хабарлама және алдын ала қорытынды хаттамадан үзінді көшірме жіберіледі.
Келісімшарт жасасу - конкурс жеңімпаздарымен мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған келісімшарттарға қол қойылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35349 нөмірімен тіркелген.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру конкурсына қатысу, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйақы алу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынбағаны, уақтылы ұсынбағаны, дұрыс емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктері, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелері) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, олармен байланысты еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аффилиирленген ұйымдарға, сондай-ақ саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге және осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Қоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеу ҚР "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңының 13-бабымен реттеледі.
Жергілікті бірлестіктер аумақтық әділет органдарында тіркеледі.
Өңірлік, республикалық және халықаралық – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде.
Тіркелу үшін құрылған күнінен бастап 2 ай ішінде өтініш, жарғы, жиналыстың хаттамасы, құрылтайшылардың мәліметтері, мекенжайы мен мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсынылуы тиіс. Егер мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, оны қалпына келтіруге болады.
Сонымен қатар, заңмен талап етілсе, бірлестік қайта тіркеуден өтуі керек.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына этномәдени бірлестіктер кіреді – бұл әртүрлі ұлт өкілдерінің мүддесін білдіретін ұйымдар.
Ассамблеяның құрамына ену үшін мұндай бірлестіктер арнайы қоғамдық аккредиттеуден (қызметтерін ресми растаудан) өтуі тиіс.
Бұл бірлестіктер әр түрлі деңгейде жұмыс істей алады: бір қалада (жергілікті), бір өңірде (өңірлік) немесе бүкіл елде (республикалық) – олардың жұмыс істейтін жеріне байланысты.