Жалпы ақпарат

Сектай Жанболат Ахуанұлы
«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы
Әкімдіктің басқармалары
«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайтын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 42/05 қаулысымен құрылды.
Басқарма жанында «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.