Жиі қойылатын сұрақтар
2017 жылдан бастап жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде сізге Бастау-Бизнес жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері онлайн курстарын оқып, сертификат алу қажет. Сертификат алғаннан кейін кәсіпкерлер палатасымен бірге несиелендіру үшін қажетті құжаттар тізімін жинау қажет. Шағын несие алу үшін кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті ұсыну қажет.
Барлық өзекті ақпаратты біздің Instagram парағымыздан көре аласыз https://instagram.com/centr_zanyatosti_buhar_zhirau?igshid=YmMyMTA2M2Y
"Еңбек" бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардан өту үшін сіз өзіңіздің ауылыңыздағы сұранысқа ие мамандықтарды нақтылау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке жүгінуіңіз қажет.
Ағымдағы жылдың маусым айында халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарға "Механизатор" мамандығы бойынша 20 адамды (жоспар бойынша 24 адам) жіберді, келесі оқытуды тамыз айында бастау жоспарлануда. Оқу мерзімі 3 айға дейін.
Қысқа мерзімді оқытудан өтетін қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге (4 АЕК), тұруға (5 АЕК) және медициналық тексеруден өтуге 2 (АЕК) материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Кезекте тұрған азаматтар үшін екінші деңгейлі банктің "Бақытты отбасы", 5-10-20 (Шаңырақ) бағдарламалары бар. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған келесі санаттар қатыса алады:
- Көпбалалы отбасылар
- Толық емес отбасылар (жалғыз басты аналар)
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй 20 жылға 2%-бен, 10% бастапқы жарнамен 10 000 000 млн.теңге сомасына кредиттеледі. Тұрғын үйді тұрғылықты жері бойынша елді мекенде, сондай-ақ Қарағанды қаласында қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады.
5-10-20 (Шаңырақ) бағдарламасы бойынша ЖАО-да Кезекте тұрғандардың барлығы қатыса алады. "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша тұрғын үй 20 жылға 5%-бен, 10% бастапқы жарнамен 15 000 000 млн.теңге сомасына кредиттеледі. Банктің шарты бойынша Қарағанды қаласында бастапқы тұрғын үй сатып алынады. Бағдарлама бойынша өтінімді онлайн беруге болады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге келесі санаттар бойынша тұруға болады:
- Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар (4 баладан және одан көп).
- Халықтың әлеуметтік осал топтары (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, I-II санаттағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер, оралмандар, экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар).
- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған (жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда екендігі туралы техникалық қорытынды болған кезде).
Кезекке қоюға өтініш беру үшін ЭЦҚ (жеке тұлғаға) болуы қажет және кез келген браузер арқылы сайтқа (KEZEKTE.KZ) кіру қажет. "Шаңырақ" бөлімінде алдын ала тіркелу және жеке кабинетте сіз тұрғын үйге кезекке қоюға өтініш бере аласыз. Өтініш беруші тұрғын үйге кезекке тұруды жоспарлап отырған санатты таңдау қажет. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады және шешімнен кейін өтініш берген кезде көрсетілген нөмірге кезекке қою туралы немесе дәлелді бас тарту туралы хабарламамен СМС келеді.
МӘС жазып беретін оңалтудың жеке бағдарламасына (медициналық әлеуметтік сараптама) сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметін алуға 1,2,3 топтағы мүгедектердің құқығы бар. ОЖБ болған жағдайда ХҚКО-ға немесе ЕГОВ арқылы электронды түрде жүгіну қажет.
Өмірлік қиын жағдайға байланысты табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ең төменгі күнкөріс деңгейі 40897 теңге) төмен отбасыларға бір отбасына 50880 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек қарастырылған.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға, жедел емделуге, табиғи апаттарды немесе өртті жоюға материалдық көмек қарастырылған.
Сіз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша "электрондық үкімет" веб-порталында "электрондық өтініш" сервисі арқылы жүгіне аласыз.
Қысқа мерзімді курстардан өту үшін сіз өзіңіздің ауылыңыздағы сұранысқа ие мамандықтарды нақтылау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке жүгінуіңіз қажет.
Ағымдағы жылдың маусым айында халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарға 2 ай оқу мерзімімен "қазандық қондырғысының машинисі" және "аспаз" мамандықтары бойынша 15 адамды (жоспар бойынша 24 адам) жіберді.
Қысқа мерзімді оқудан өтетін қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге , тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.