Ақбастау ауылдық округі Қарағанды облысы Абай ауданының әкімшілік орталығынан 125 шақырым жерде орналасқан. Ақбастау ауылдық округі 1960 жылы құрылған. Ауылдық округте жалпы халық саны 549 адамды құрайды."Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ауыл әкімі аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. "Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме болып табылады
Жалпы ақпарат

Тұяқбаев Рымбек Базылұлы
Аппарат әкімі