Жиі қойылатын сұрақтар
«Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» сервисі – пайдаланушылардың үшінші тұлғалар тарапынан олардың дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат беруіне келісім алу/бас тарту мәселелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі техникалық механизмді білдіретін отандық шешім.
Техникалық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Министрлік Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисін Республикалық маңызы бар қалалардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Интеграцияланған ақпараттық жүйесімен интеграция жүргізу арқылы пилоттық жобаны жоспарлап отыр
Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері дербес деректер жиналған кезден бастап туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген кезге дейін қолданылады (Заңның 22-бабы және 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).
Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысымен айқындалған
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы дерекқорда жүзеге асырады.
Сонымен бірге, дербес деректерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан базада сақтау мәселелері Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында регламенттелмеген
- ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Поштаны сындыра алады және ЭЦҚ ұрланады.
- ЭЦҚ-ны бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз
- ЭЦҚ-ны компьютерде сақтамаңыз.
- Күрделі құпия сөзді орнатыңыз.
Бұзылуы немесе жұмысын тоқтату төтенше жағдайға немесе қауіпсіздік салалары, халықаралық қатынастар, экономика, инфрақұрылым үшін немесе азаматтардың өмірлік қызметі үшін елеулі теріс салдарларға әкеп соғатын объектілер өте маңызды болып табылады.
Толығырақ мұнда
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы.
Анықталған қатерлер/инциденттердің статистикасы ҚР ҰҚК және АҚ жөніндегі уәкілетті органға – ЦДИАӨМ АҚК-ға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 133-тармағына сәйкес, МО және ЖАО жыл сайын:
- мемлекеттік техникалық қызметтен ИҚБШ жабдығында пайдаланылатын интернет-ресурстар санаттарының тізбесін сұратады;
- жоғарыда аталған тізбеден МО және ЖАО қызметшілерінің оларға қолжетімділігі ИҚБШ құралдарымен рұқсат етілетін интернет-ресурстардың санаттарын іріктейді және олардың тізімін жасайды;
- жоғарыда аталған тізімді және Интернетке қол жеткізуге рұқсат алатын МО мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, ЖАО-ның ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімдерін мемлекеттік техникалық қызметке ИҚБШ жабдығында қолдану үшін жібереді.
ИҚБШ жұмыс қабілеттілігіне және интернетке қосылған интернет-ресурстары мен басқа да ақпараттандыру объектілерінің желісі мен телекоммуникациясының қолжетімділігіне әсер ететін жұмыстарды жүргізу туралы хабарламаны ИҚБШ жабдығында резервтелген байланыс арналары бар байланыс операторлары алады.
ИҚБШ арқылы интернетке қосылу жөніндегі талаптар заңнамалық түрде айқындалған. Заң нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша ЦДИАӨМ АҚК-ға жүгінуге болады.
Егер ұйым ЖАО-ға немесе МО-ға ведомстволық бағынысты болса немесе АКИАМО иесі болып табылса ИҚБШ-ға қосылу міндетті.