«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бүйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

PRESS RELEASE on the draft order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan "On the invalidation of certain orders of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan"

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі- Жоба) бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 5-тармағында көзделген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (республикалық меншік бойынша) және тиісті жергілікті атқарушы органдардың (коммуналдық мүлік бойынша) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы норманы алып тастауға байланысты әзірленді.

Жобаның мақсаты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15350476) 2024 жылғы 13 желтоқсанда орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін.