ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылау анонсы

ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылау анонсы

           «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» РММ басшысының 2026 жылғы 29 маусымдағы №84 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау мақсатында жария талқылау өткізу жоспарлануда.

          Жария талқылаулардың өткізілетін орны: Жетісу облысы, Талдықорған қ., Біржан сал көшесі, 130.

          Жария талқылаулардың өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 тамызда сағат 15.00-де.

          Қатысуға шақырамыз!