«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына  өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауын Арнаулы мемлекеттік қорға өзгерту болып табылады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15459677) 2025 жылғы 24 ақпанда орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 12 наурызға дейін.