Меншіктің мемлекеттік мониторингі және сенімгерлік басқару

меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;

республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;

меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;

"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;

экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;

меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастыру;

өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;

концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, МКҚК (ШЖҚ МКК) балансында бекітілген мүлікті есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша МКҚК (ШЖҚ МКК) Комиссиясы жүзеге асырады, бұл ретте, сенімгерлік басқару шартына өзгерістер енгізу немесе бұзу арқылы мүлікті алдын ала сенімгерлік басқарудан шығару қажет.