Жиі қойылатын сұрақтар
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 3 – бабына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 – бабының 1-тармағына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Осылайша, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес АҚ тиісті органдарының құзыреті шегінде өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке дербес билік ете алады.
Басқаша айтқанда, АҚ мүлкі мемлекеттік емес. Республикалық (коммуналдық) мемлекеттік меншікте осы АҚ мүлкі емес, АҚ акцияларының пакеті ғана болады.
Бұл ретте, мемлекеттік мүлік туралы заңнама, оның ішінде Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары тек мемлекеттік мүлікке ғана қолданылады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысымен (бұдан әрі-№960 қаулы) реттелген.
№960 қаулының 1- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны қаржы құралдарына, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруын қамтамасыз ету ұсынылды.
Осылайша, №960 қаулы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қолданылмайды.
Аукционға қатысу үшін алдымен e-qazyna.kz веб-порталында тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты;
2) заңды тұлғалар үшін: БСН, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттың деректемелері;
4) байланыс ақпараты (пошталық мекенжай, телефон, факс, e-mail).
Әрі қарай осы веб-сайтта аукционға қойылған барлық мүлік аукционның күні мен уақытын, болжамды құнын және кепілдік жарнаның сомасын көрсете отырып, ашылады. Сондай-ақ сатуға ұсынылған мүліктің фотосуреттері қоса берілген бағалау есебімен еркін қол жетімді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған мүлікті сатуға қатысуға өтінімді тіркеп, хабарландыруда көрсетілген бірыңғай оператордың банктік деректемелеріне кепілдік жарнаны енгізу қажет.
Иә, заңнама келесі аукциондарға қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмияндағы құлыптан босатылған қаражатты бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларында жекешелендіру объектісін беру сатып алу-сату шарты бойынша сатып алу-сату бағасын сатып алушы толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылатыны көзделген. Қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі сатылған жекешелендіру объектісіне меншік құқығын өзгертуді мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады. Сатып алушы белгіленген мерзімде қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты залалдарды өтеу туралы талаптарды ұсына отырып, сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады, тізілімнің www.e-qazyna.kz, веб-порталында жасалған аукцион нәтижелерін жою туралы актісіне қол қойылады және көлік құралы қайтадан саудаға қойылады.
Электрондық әмиян - бұл жеке кабинет аукциондарға қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауды және қайтаруды қамтамасыз ететін, екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына қатысушы салған қаражатты есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын мемлекеттік мүлік тізіліміне қатысушы
Мүліктік жалдауға (жалға) беруге ұсынылатын мемлекеттік мүлік объектілері туралы барлық ақпарат e-«Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталындағы (www.qazyna.kz) сайтындаорналастырылған. Бұл ресурстың мүмкіндіктерін пайдалану үшін (объектілермен танысу, онлайн өтінімдер беру, аукциондарға, тендерлерге қатысу, шарттар жасау және т.б.) электрондық цифрлық кілтті (ЭЦҚ) пайдалана отырып сайтта қарапайым тіркелуден өту жеткілікті. Мемлекеттік меншікке жататын, жалға беруге ұсынылатын мемлекеттік мүлік объектілері «Мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімі» қосымшасында орналасқан.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 75-бабының
2-тармағына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының
3-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 36-бабының негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік олардың құрылтайшылары мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты сақтайтын заңды тұлға болып табылмайды.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты мемлекет 100% қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде тұрған және серіктестіктің меншігі болып табылатын жылжымайтын мүлік мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының обьектісі бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар кәрсетілген ұйымдардың даму жоспарларын қараған кезде кейбір әкімшілік шығыстар түрлерінің лимиттерін жыл сайын белгілеуі тиіс.
Осыған байланысты, аталған қаулы тікелей әрекет ететін ұйымдар қаулымен белгіленген нормаларды ұстануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Осыған орай, Серіктестік меншігіндегі мүлік мемлекеттік мүлікке жатпайды.