Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабына сәйкес коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы – тиісінше жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бередi.
Комитет коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті сенімгерлік басқаруға беруді үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырмайды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 75-бабының
2-тармағына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының
3-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 36-бабының негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік олардың құрылтайшылары мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты сақтайтын заңды тұлға болып табылмайды.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты мемлекет 100% қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде тұрған және серіктестіктің меншігі болып табылатын жылжымайтын мүлік мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының обьектісі бола алмайды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 122-бабына сәйкес республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ал коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 886-бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.