Жиі қойылатын сұрақтар
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме қызметін тоқтатуы туралы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 1-бабы 17-тармағына және ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына 3-қосымшасының 2-тармағына сәйкес, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші, мұнай өнімдерін көтерме қызметін бастағанға дейін, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне хабарлау қажет.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші – мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 1-бабы 14-тармағына сәйкес).
Мұнай өнімдерін көтерме саудада жеткізу жөніндегі қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаны жолдау талабы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 1-бабы 17-тармағымен бекітілген.
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңының 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес, мұнай өнімдері – мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут.
Веб-порталдың техникалық қолдауы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Call-center нөміріне хабарласуыңызға болады: 1414 немесе 8 (7172) 906984. Сондай-ақ sd_el@nitec.kz поштасына туындаған жағдайдың сипаты мен скриншоттарын салып жазуға болады.
www.elicense.kzwww.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), өтініш беруші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алуға өтініш бере алады.
Рұқсат алу үшін өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану рұқсат беру қағидалары сәйкес «Мәліметтер нысанын» толтыру қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-6-тармақтарымен өтініштерді қараудың тәртібі келесідей анықталады:
1) теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексеріледі. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісін көрсетілген географиялық координаттар ауданында құру және орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келісетін, сұрау салуды дайындайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтініштің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды;
4) ұсынылған мәліметтер дұрыс болған және олар Кодексіне және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат немесе Қағидалардың 6 тармағында көрсетілген негіздер бойынша Қағидаларға 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3 тармағына сәйкес, өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш.
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны.
www.elicense.kzwww.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), өтініш беруші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3 және 4-тармақтарына сәйкес, өтініш порталда тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі.
Қызмет алушымен құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, өтінішті қабылдап тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күнін құрайды.
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес, Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру үшін комиссия жинағы қарастырылмаған.