Құрылым

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) құрды. 

Толығырақ

«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ

«КОРЭМ» Акционерлік Қоғамы 2000 жылы құрылған және ТМД мен Орталық Азия өңіріндегі биржалық қағидаттарға негізделген және онлайн режимінде электрондық сауда алаңында өткізілетін электр энергиясының орталықтандырылған сауда–саттығын өткізе бастаған алғашқы компания болып табылады. Қазақстанда жаңартылатын электр энергиясы көздерін дамыту шеңберінде «КОРЭМ» АҚ 2018 жылдан бастап ЖЭК объектілері құрылысының жобаларын және аукциондық сауда-саттықтың басқа да түрлерін іріктеу бойынша аукциондар өткізеді.

Толығырақ

«Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ

«Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы  көмірсутектер бойынша қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы, базалық жобалық құжаттарының және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама, шикі мұнай және газ конденсат есебінің операторлары болып табылады. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ бас диспетчерлік басқармасының көмірсутектерді өңдеу және айналымының мониторингі бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау бойынша функцияларын жүзеге асырады.

Толығырақ

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ

«ҰИМТ» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ  қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша әкімшілік, техникалық және консультациялық қолдау қызметтерінің толық спектрін көрсете отырып, инвесторларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Толығырақ