«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қ.А. Бозымбаевтың 2026 жылғы 10 наурыздағы № 11-08/714-1 тапсырмасын орындау мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Алатау қаласының кезең-кезеңімен дамуын ескере отырып әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады және ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған Алатау қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға лауазымдық айлықақыдан 25% мөлшерінде уақытша белгіленген жоғарылатылған айлықақыларды бір жыл мерзімге сақтауды көздейді.