Салалық біліктілік жүйелерін дамыту: аралық қорытындылар мен алдағы міндеттер
2026 жылғы 19 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Тұяқбаевтың төрағалығымен салалық біліктілік жүйелерін дамыту мәселелері жөнінде әділет, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, көлік, туризм және спорт, жасанды интеллект және цифрлық даму, ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің 40-тан астам өкілдері қатысқан кеңес өтті.
Қатысушылар 2026 жылға арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарының орындалу барысын, салалық кеңестердің қызметін және 2027–2029 жылдарға арналған біліктілік жүйесі мен дағдыларды дамытудың салалық жоспарларын дайындау мәселелерін қарастырды. Құжаттарды келісу рәсімдерінің кешігу себептері, туындайтын тәуекелдер және жұмысты аяқтау үшін қажетті шаралар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша кәсіптік стандарттар мен салалық жоспарларды бекіту, салалық кеңестердің құрамдарын жаңарту және жұмыс берушілер мен сарапшылардың қатысуымен олардың отырыстарын тұрақты өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттер мен мерзімдер айқындалды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға мемлекеттік органдардың салалық біліктілік жүйелерін дамыту жөніндегі жұмысына әдіснамалық және үйлестірушілік қолдауды күшейту тапсырылды.
Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы мен нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жетекшілік ететін басшыларының дербес жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.