Еңбек мобильділігі орталықтары және мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру (2026 жыл)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоса берілген кестеге сәйкес 2026 жылғы ақпан айында еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіби құзыреттілігін айқындау мақсатында бастапқы аттестаттау өткізілетінін хабарлайды.

Аттестаттау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығымен бекітілген еңбек мобильділігі (мансап) орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидасына сәйкес жүргізіледі.

Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының қызметкерлері үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына арналған онлайн-платформадағы (competence.enbek.kz) жеке кабинетте аттестаттаудан өту мерзімдері, қолжетімділік деңгейі және өту мәртебелері көрсетіледі.

2026 жылы еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары қызметкерлерін аттестаттауды өткізу кестесі