«ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК

Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 Қазақстан Республикасы Заңын, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Қазақстан Республикасы Заңын, Кәсіпорынның Жарғысын және өзге де тиісті нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК қойылған міндеттеріне сәйкес мына бағыттар бойынша қызмет жүзеге асырылады:

 Ғылыми зерттеулер мен енгізу

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, нормалау, еңбек гигиенасы, физиологиясы, эргономикасы мен экономикасының проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми және талдамалық зерттеулерді жүргізу, ғылыми қызметтің нәтижелерін енгізу және коммерциялау;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

 Нормативтік – құқықтық қызмет

  • еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, нормалау, еңбек гигиенасы, физиологиясы, эргономикасы мен экономикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын, оның ішінде стандарттарды, нормалар мен нормативтерді әзірлеу

 Заңнаманы сақтау мониторингі

  • қауіптердің пайда болуын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар себептерін талдау және Қазақстан Республикасының кәсіпорындар меи ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жай-күйін бағалау жүргізуге қатысу;
  • кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және енгізу, оның ішінде үдерістерді автоматтандыру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту

  • еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен нормалау саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізу

   Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ оның нәтижелерін талдау.

Ақпараттық қызметтер

 еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибені насихаттауға қатысу, Кәсіпорынның бейіні бойынша ғылыми-ақпараттық, әдістемелік, монографиялық, ақпараттық-анықтамалық, әдебиет пен өзге баспа басылымдарды, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде дайындау және тарату;

  • Кәсіпорынның бейіні бойынша конференциялар, форумдар, симпозиумдар, семинарлар мен тренингтер, көрмелер, оның ішінде халықаралық, өткізуді ұйымдастыруға қатысу.

«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК құрылымына Астана қ. бас кәсіпорын және он екі облыстық филиал кіреді.

Филиалдардың базасында қазіргі заманғы аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі зертханалар жұмыс істейді.

 

Ресми сайт: https://rniiot.kz/home/kk/басты-бет/