«МАК» ӨСК» АҚ

Миссиясы

Қазақстандықтардың әлеуметтік және қаржылық қорғалуын жақсартуға бағытталған үлгілі және сенімді тәжірибе үшін ең жақсы шешімдер мен стандарттарды енгізу.

 

Міндеттері

- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен қызметкерлердің  және аннуитеттік сақтандыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде сақтанушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ету;

- сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметтерді көрсету;

- ұсынылатын қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;

- сақтандыру нарығын дамыту саласында мемлекеттің бастамаларына ықпал ету.

 

Компанияның мақсаты

- еліміздің сақтандыру нарығында әртүрлі аннуитеттік өнімдердің пайда болуы;

- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарттарының негізінде сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамтылуға азаматтардың құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету; 

  • «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңының іске асырылуына ықпал ету.

 

Ресми сайт: https://www.gak.kz/