Ішкі аудит департаменті
Ішкі аудит департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасынан құралады.
Департаменттің негізгі мақсаты Министрге Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жәрдемдесу, Министрге мемлекеттік органдарда тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру, мемлекеттің және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
Департамент міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында көзделген, мемлекеттік аудит обьектісінің тікелей және түпкілікті нәтижелерінің жетістігін талдау және бағалау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
Департамент функциялары:
1) Департаменттің жұмыс жоспарын, Департаменттің қызметкерлерін оқыту жоспарларын және тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Аудит объектілері тізбесін құру;
2) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысу;
3) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізу;
4) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізу;
5) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындауының, оның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізу;
6) Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру;
7) бюджеттік шығыстарымен өзара байланыста Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
8) мемлекеттік аудит объектілерінде тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асыру;
9) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратты тыңдау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдармен, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінде анықталған кемшіліктерді жою, оның тиімділігін арттыру, ішкі процестерді ұйымдастыру нәтижелерінің есебін Министрлікке жолдау;
11) Министр үшін жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асыру;
12) аудит объектісінде лауазымды адамдардың әрекеттерінде қылмыстық белгілер анықталған жағдайларда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына тапсыру бойынша Министрге ұсыныс енгізу;
13) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
14) мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру;
15) Жыл сайын атқарылған жұмыс туралы, сондай-ақ Министрдің алдында Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында есеп беру.