Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, зейнетақымен, әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департамент:
1) Базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасынан;
2) Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басқармасынан;
3) Міндетті әлеуметтік сақтандыру басқармасынан тұрады.
Міндеті - әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Функциялары:
1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларына ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау, беру және арттыру бойынша нормативті құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; ұйымдардағы жұмыстар тізбесін және еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін әзірлеу; мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық қызмет көрсету, сондай-ақ зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша есеп жүргізу және есеп беру құжаттарын әзірлеу;
3) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оның ішінде агенттердің бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аударуды жүзеге асыру; БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жүзеге асыру; зейнетақы жинақтарын сақтау бойынша мемлекеттік кепілдік төлемдері; салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыру; мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық қызмет көрсету, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша есеп жүргізу және есеп беру құжаттары бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
4) әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару тәртіб мен мерзімдерін бекіту; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттер; Қордың қаржылық тұрақтылығын талдау, бағалау; Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін есептеу (анықтау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру; еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыру; мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық қызмет көрсету, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша есеп жүргізу және есеп беру құжаттары бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
5) Департамент қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
6) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру және айқындау, ғылыми зерттеу қызметін үйлестіру;
7) заңнаманы қолданудың халықаралық тәжірибесін жинақтау және Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға талдау жүргізу;
8) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
9) өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде есеп жүргізу және есеп беру құжаттарының нысандарын, әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
10) Департамент құзыреті шегінде ведомствалық бағынысты ұйымдардың Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерін белгіленген тәртіппен қарау және келісу;
11) Халықаралық Еңбек Ұйымының әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы кепілдіктер мәселелері жөніндегі конвенцияларын ратификациялау бойынша ұсыныстар енгізу.