Заң қызметі департаменті

Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қоса осы үлгі ережесін басшылыққа алады.

Департамент құқықтық сараптама және талдау басқармасы және құқықтық қамсыздандыру және наразылық-талап жұмыстары басқармасынан құрылған.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

қызметтер:

сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Министрлік қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің мүдделерін білдіреді;

заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсініктеме дайындайды;

шарттар жобаларын  заңнама талаптарына сәйкестігін қарастырады, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны туралы ақпаратты Министрліктің құрылымдық бөлімдері ұсынған кезде тиісті шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді;

заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Министрліктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;

Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың хаттарын қарайды;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Министрлікте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

2) Министрліктің заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

қызметтер:

Министрліктің норма жасау қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша Министрліктің бірінші басшысына, сондай-ақ Министрліктің жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;

тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.