Бюджеттік жоспарлау және экономика департаменті
Міндеті: Бюджеттік қаражатты басқару бойынша мемлекеттік органның қызметін жыл сайын бағалау жүйесі бойынша департаменттің құзыреті шегінде шараларын қамтамасыз ету.
Функциялары:
- бюджеттік қаражатты басқару бөлігінде мемлекеттік органның қызметін жыл сайын бағалауға талдау жасау;
- Министрліктің басшылығы Департаментке жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Департаменттің:
- бюджеттік шығыстарды оңтайландыру бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізуге;
- Министрліктің басшылығына ведомстволарды және ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және жою мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
- Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті деректерді, анықтамаларды, түсіндірмелерді, ақпаратты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволарынан, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге;
- Министрлікте және оның ведомстволарында құрылатын комиссиялардың, жұмыс топтарының құрамына кіруге, өткізілетін кеңестерге, іс-шараларға қатысуға;
- Департаменттің алдына қойылған міндеттерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге;
- Министрлік басшылығына Департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
- Департаменттің құқықтары мен міндеттемелері:
- құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау;
- Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының, заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.