Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті
Департаменттің құқықтары мен міндеттемелері:
1) Министрліктің алдында тұрған міндеттерді орындауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге және Министрдің, Аппарат басшысының, алқа мен аппараттық кеңестердің қарауына енгізу;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату;
3) Министрдің, Аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің келісімімен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;
4) Министрлік басшылығының қарауына Департамент алдына қойылған міндеттерді шешу, сондай-ақ Департамент қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Департамент құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстарға бастамашылық жасау;
6) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрдің, Аппарат басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
7) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Министрлік басшылығының тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
8) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттері болады.