Заңкеңесші

Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, құқықтық актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

Сот, құқық қорғау органдарында, құқықтық мәселелерді қарау кезінде департаменттің мүдделерін білдіреді;

Анықталған сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар туралы дайындалған материалдар бойынша заңдық қорытынды дайындайды;

Сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Сотта әкімшілік практиканы жүргізу;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жұмысына әдістемелік басшылық жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізеді;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға жауаптар береді;

Басшылықтың нұсқауларын, өкімдері мен бұйрықтарын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;