Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

1) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз ету;

3) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарауы;

4) Өз құзыреті шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру;

5) құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

6) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы дерекқорды қалыптастыру және сүйемелдеу;