Ерікті қоныс аудару бағдарламасы арқылы Қарағанды облысындағы Саран қаласына көшіп барған Асылхан жаңа жерден жұмыс тауып, отбасымен бірге жаңа өмір бастады. Қоныс аударғаннан кейін оған жұмысқа орналасуға, кейін баспана алуға да қолдау көрсетілді. Бүгінде Асылхан метролог, ал жұбайы бухгалтер болып еңбек етеді.